«Қазақстан шетелдіктер көзімен» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан шетелдіктер көзімен»

03.07.2015
«Қазақстан шетелдіктер көзімен»

«Ең алғаш рет мен қазақ азаматтарымен кездескенде, олардың өте қонақжай екенін байқадым».

«Қазақстан – маған тәуелсіз тұлға болып қалыптасуыма мүмкіндік берді».

«Менің ойымша, Қазақстан – бүкіл әлемге үлгі».

Бұл – Қазақ жерінде тұрып жатқан шетелдіктердің ойы. Олардың бірі білім алуда, бірі ғылыммен айналысып, шәкірт тәрбиелесе, енді біреулері  кәсібін дөңгелетіп отыр. Шетелдіктер үшін қазақ жері – бейбітшілік пен татулық мекені.

Оларды елдегі тату тірлік пен білім алуға, кәсіп ашуға оңтайландырылған жүйе қызықтырады. Қазақтың тарихына, салт-дәстүріне, тіліне қызығушылықтары басым.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:20-да «Қазақстан шетелдіктер көзімен» арнайы тележобасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу