«A320» ұшағының пилоты Андреас Лубитц жұмысын жоғалтып алудан қорыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«A320» ұшағының пилоты Андреас Лубитц жұмысын жоғалтып алудан қорыққан

31.03.2015
«A320» ұшағының пилоты Андреас Лубитц жұмысын жоғалтып алудан қорыққан

Францияда апатқа ұшыраған «Germanwings» әуе компаниясына тиесілі ұшақтың екінші пилоты Андреас Лубитц денсаулығындағы кінәратына байланысты жұмысын жоғалтып алудан қорыққан.

Бұл қазіргі уақытта анықталған әуе көлігі апатының ең негізгі себебі болып отыр. Тергеушілердің бірінің сөзіне сүйеніп, бүгін «Bild» басылымы осылай деп ақпарат таратты.

«Лубитцтің медициналық мәселелерге байланысты ұшақты басқару мүмкіндігін жоғалтып алудан қорыққандығы ең негізгі себептердің бірі», делінген басылым мәліметінде.

Дюссельдорф прокуратурасы бұған дейін Андреас Лубитцтің бірнеше психотерапевтің бақылауында болғаны жөнінде мәлімдеген.

Ол 2015 жылдың ақпанынан бастап, наурыз айының 10-на дейін Дюссельдорфтың университет емханасына үш рет қаралған. 

Айта кетейік, Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған «A320» ұшағы 24 наурыз күні Францияның оңтүстігіндегі Альпі тауының маңында апатқа ұшырап, 150 адам қаза тапқан еді.  

Хабарламаларға жазылу