А320 ұшқышының үйінен жыртылған дәрігерлік анықтама табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А320 ұшқышының үйінен жыртылған дәрігерлік анықтама табылды

28.03.2015
А320 ұшқышының үйінен жыртылған дәрігерлік анықтама табылды

Францияда «Germanwings» компаниясының апатқа ұшыраған А320 ұшағындағы екінші ұшқыш Андреас Лубитц сол күні үйінде ауырып жатқан,-деп хабарлайды Дюссельдорф прокуратурасы.

Тергеушілер Андреас Лубитцтің пәтерінен жыртылған дәрігерлік анықтама тауып алған. Алайда, қоштасу хаты болмады.

Табылған айғақтарға сәйкес, екінші пилот әуе компаниясынан денсаулығындағы кінәратты жасырған болып шықты.

Андреас Лубитц «Germanwings» әуе компаниясының  A320 жолаушылар лайнерін қасақана апатқа ұшыратуы мүмкін, деген бар.

Хабарламаларға жазылу