Лубитц командирдің кофесіне дәрі қосқан болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лубитц командирдің кофесіне дәрі қосқан болуы мүмкін

10.04.2015
Лубитц командирдің кофесіне дәрі қосқан болуы мүмкін

Жуырда Францияда апатқа ұшыраған А320 ұшағының екінші пилоты Андреас Лубитц жолға шығар алдында ғаламтордан зәр айдайтын дәрілер туралы ақпарат іздеген. Мұндай ақпаратты немістің «Express»  басылымы таратып отыр. Ал, бұл ақпаратқа қатысты Дюссельдорфтың прокуратурасы қандай да бір мәлімет беруден бас  тартқан.

Басылымның жазуынша, мұндай дәрілік затты қолдану Андреас Лубитцтің апатты мақсатты түрде жасағанын білдіреді. «Жанындағы командирдің кофесіне аталған препаратты қосып, ол сыртқа шығып кеткеннен кейін есікті іштен жауып алып, ұшақтың жылдамдығын  жартаспен соқтығысқанша төмендеткен»,-деп жазады «Express».

Еске сала кетейік, 24 наурыз күні Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы Францияның оңтүстік-шығысындағы Альпі тауларына соқтығып, апатқа ұшырады. Апат салдарынан 150 адам қаза тапты. Оның ішінде қазақстандықтар да бар.

«Қара жәшіктен» алынған ақпараттар, апатты Германия азаматы Андреас Лубитцтің қасақана ұйымдастырғанын көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу