Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Кенже» фильмі прокатқа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Кенже» фильмі прокатқа шығады

31.03.2015
Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Кенже» фильмі прокатқа шығады

«Кенже» - режиссердің құрамына «Келін», «Шал» фильмдері кіретін трилогиясының соңғы бөлімі.

Туынды Таиландта және Испанияның Мальорка аралында түсірілген. Оған Венгрия, Ресей, АҚШ кәсіпқойларынан тұратын түсіру командасы тартылған.

Басты рольдерді Жандос Айбасов пен Айнұр Ниязова ойнайды.

«Бұл - жанрлық кино, экшн элементтері бар драма», - дейді фильм режиссері Ермек Тұрсынов.

«Кенже» ата-анасынан ерте айырылған ағайындылар туралы. Балалар үйіне орналастырылатындарын сезген бауырлар ертерек қамданып, қалаға қашып шығады. Әр жұмысқа жалданып, нәпақа табуға кіріскен ағайындылар өсе келе кісі өлтіруге тапсырыс қабылдап, табыс таба бастайды. Артынша олар бұл шайқастан аман шығу мүмкін емес екендігін біледі.

Хабарламаларға жазылу