Анадолы жерінде еліміздің мәдениет күндері өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анадолы жерінде еліміздің мәдениет күндері өтіп жатыр

23.10.2017

Апталық Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Анкара мен Самсун қалаларында концерттер, фото, сурет және кітап көрмелері қойылды. Сондай-ақ, қазақ киносының күндері де басталды.

Анкара кинотеатрларында режиссер Ермек Тұрсыновтың 5 фильмі көрсетіліп жатыр. Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу үшін елімізден 40-тан астам адам барды. Қазақ ұлттық өнер университетінің шәкірттері түрік халқына Құрманғазының күйлері мен халық әндерін сыйлады. Қазақстанды атажұрты санайтын түрік халқы мәдени шараларды жоғары бағалап, екі ел арасындағы достық үзілмейтініне сенім білдірді.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу