Астрид Линдгрен атындағы жүлде иегері бүгін анықталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астрид Линдгрен атындағы жүлде иегері бүгін анықталмақ

31.03.2015
Астрид Линдгрен атындағы жүлде иегері бүгін анықталмақ

Бүгін Стокгольмде атақты жазушы Астрид Линдгрен (Astrid Lindgren Memorial Award — ALMA) атындағы халықаралық әдеби жүлде иегерінің есімі анықталмақ.

Балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің дамуына елеулі үлес  қосқаны үшін берілетін жүлдеге биыл 61 елден 197 үміткер қатысуда.  

Астрид Линдгрен атындағы халықаралық әдеби жүлдесін 2002 жылы швед үкіметі бастаған.  Линдгрен Швециямен қатар, шетелдерде де әлі күнге дейін  оқырманы көп жазушы. Оның кітаптары әлемнің 90-нан астам тіліне аударылған.

ALMA жүлдесі бүгінде балалар мен жасөспірімдер әдебиеті аясында берілетін ірі халықаралық жүлделердің бірі. Қаржылай сыйақы көлемі 5 миллион швед кроны (700 мың АҚШ доллары).

Швецияда марапат иегерін жыл сайын наурыз айының соңындай анықтайды. 2014 жылғы жүлдегі швед жазушысы Барбра Линдгрен иеленген.

Фото: Jacob Forsell

Хабарламаларға жазылу