«Шабыт» фестивалінің үздік ақындары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шабыт» фестивалінің үздік ақындары анықталды

06.11.2014
«Шабыт» фестивалінің үздік ақындары анықталды

XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша байқау өз мәресіне жетті. Астана қаласы әкімдігі Астана қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өктізілген байқауға 100 ақын іріктеліп, оның 50-і екінші кезеңде бақ сынады.

XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» («Поэзия») аталымы бойынша Гран-при жүлдесін жас ақын Батырхан Сәрсенхан иеленді. Жүлделі І орынды ақын Олжас Қасым, жүлделі ІІ орын тараздық талантты ақын Хамит Есаман, жүлделі ІІІ орынды қарағандылық ақын Жадыра Байбұланова иеленді. 

Халықаралық конкурстың арнаулы сыйлықтарының иегерлері:

Астана қаласы әкімдігінің ҚР Халық жазушысы Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлығының иегері – Әлия Іңкәрбек.

Астана қаласы әкімдігінің Нағима Өтепова атындағы арнайы сыйлығының иегері  – Калича Жакыпова .

«Казконтент» АҚ «Әдебиет поталы» Интернет-жобасының Әмірхан Балқыбек атындағы арнайы сыйлығының иегері – Бекзат Смадияр.

«Казконтент» АҚ «Әдебиет поталы» Интернет-жобасының Әбділда Аймақ атындағы арнайы сыйлығының иегері – Шерхан Талап.

«Фолиант» баспасының Кәкімбек Салықов атындағы арнайы сыйлығының иегері – Динара Мәлік.

«Ұлт» порталының Төлеужан Исмайылов атындағы арнайы сыйлығының иегері – Нұржан Қадырәлі.

«Жұлдыз» журналының Ғафу Қайырбеков атындағы арнайы сыйлығының иегері – Саян Есжан. 

Хабарламаларға жазылу