Үш түрлі ұстаным, үш түрлі сайлауалды бағдарлама - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш түрлі ұстаным, үш түрлі сайлауалды бағдарлама

29.03.2015
Үш түрлі ұстаным, үш түрлі сайлауалды бағдарлама

Президенттіктен үміткер үш азамат. Үш түрлі ұстаным, үш түрлі сайлауалды бағдарлама. Нұрсұлтан Назарбаев, Тұрғын Сыздықов және Әбілғазы Құсайынов. Кандидаттар үгіт-насихат шараларына кірісті.

Дағдарыс Еуропаны есеңгіретіп барады. Дәулетті, сәулетті құрлықтың тұрғындары кедейлікке ұрына бастады, жұмыссыздық өршіді. Экономикалық тұрақсыздықпен күресуге Еуропа неге қауқарсыз халде?

Альпі тауында қазақ отбасы опат болды. 150 жолаушысы бар ұшақ не себепті  апатқа ұшырады? Ұшқыш өлімге әдейі бас тікті деген ақпар қаншалықты рас? Қисынсыз ажалдың жұмбақ тұстары қандай?

Әлия Молдағұловамен бір майданда болған Аймереке Көбеева туралы не білеміз? Майданда талай фашисті сұлатқан майдангер бүгінде Приозерск қаласында тұрады. Ардагер «Apta.kz»-пен естеліктерін бөлісті.

Толығырақ бүгін 20.00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу