БҚО-да депутаттыққа 3 кандидат тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да депутаттыққа 3 кандидат тіркелді

06.01.2023

Батыс Қазақстан облысында Парламент Сенатының депутаттығына 3 адам кандидат ретінде тіркелді. Саяси науқанға дайындық аяқталды.

Қазір үміткерлер үгіт-насихат шараларын жүргізіп жатыр. 14 қаңтарда облыстағы жергілікті мәслихаттың 186 депутаты жасырын түрде дауыс береді. Олар онлайн тіркеледі.

Ғайса Қапақов, облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:

Үш кісі үшеуі үш түрлі бағыттағы, үш түрлі көзқарасы бар, ұсыныстары бар. Қазір олар Мәслихат депутаттарымен кездесіп, өзінің қандай бағдарламасы бар, үгіт-насихат жүргізіп жатыр. Мүгедектігі бар адамдар бар. Олар кабинаға арбамен кіріп, дауыс береді. Олардың бәрінің дауыс беруіне мүмкіншілік жасалып отыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу