Үш жыл ішінде кедендегі түрлі заңсыздық салдарынан елге 165 млрд теңге шығын келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш жыл ішінде кедендегі түрлі заңсыздық салдарынан елге 165 млрд теңге шығын келген

06.05.2022

Үш жыл ішінде кедендегі түрлі заңсыздық салдарынан елге 165 млрд теңге шығын келген. Сонымен бірге 398 млрд теңгеге жалған электрондық шот-фактура жазып берілгені анықталды. Шығын 128 млрд теңгеден асады. Қазір кеденде тексеріс күшейген. Мемлекеттік кірістер комитеті Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топтың құрамымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, Қытаймен шекаралас өткізу пункттерінің қызметіне тексеру жүргізді. 150-ден аса тауар импорттаушының жалған шот-фактуралар жасап келгені белгілі болды. Қазір кедендік декларацияның 100%-і электрондық түрде беріледі.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу