Эфирде – «Қара шаңырақ» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эфирде – «Қара шаңырақ»

01.08.2015
Эфирде – «Қара шаңырақ»

Бір отбасындағы үш ұл. Үш түрлі мінез, үш түрлі тәртіп, үш түрлі өмір. Әлішер үйдің үлкені болғандықтан, соңынан ерген бауырларына қашанда қамқор. Қолынан келгенінше ата-анасына, інілеріне, жора-жолдастарына көмек беруді ұмытқан емес.

Ортаншы ұл Дәулет – қиқар мінезді. Жастықтың буымен түзу жолдан тайған кездері де болған. Әйтсе де, спортқа бейім ол ағасының көмегінсіз-ақ шыңға көтерілуді мақсат тұтады.

Ал, үйдің кенжесі Мәди – қара шаңырақтың иесі. Ағаларынан бұрын отбасылы болған ол әкесінің ақылымен ауылдағы жеке шаруашылыққа ие болып отыр. Дегенмен, ол да ұшқалақ мінезінің әсерінен ойламаған жерден қиындыққа тап болады.

Ағайындылардың оқиғасын баяндайтын «Қара шаңырақ» телехикаясының 6-7-бөлімдерін бүгін Ұлттық арнадан сағат 17:50-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу