«The International Photography Awards» халықаралық фотобайқауға қатысуға өтініштер қабылдауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«The International Photography Awards» халықаралық фотобайқауға қатысуға өтініштер қабылдауда

26.03.2015
«The International Photography Awards»  халықаралық фотобайқауға қатысуға өтініштер қабылдауда

 

«The International Photography Awards» кәсіпқой және әуесқой фотографтар  мен студенттерді  дәстүрлі  фотобайқауға қатысуға шақырады. Бас жүлде - 10 000 АҚШ доллары.

Фотобайқау 11 аталым бойынша өтеді. Атап айтсақ: жарнама, архитектура, көрініс, редакциялық аталым, оқиға,  фотоальбом, өнер, қозғалыстағы образ, табиғат, адамдар және арнайы аталым (түнгі сурет және өңделген жұмыс).

Ал,  әр аталым жеңімпаздары «Жылдың үздік халықаралық фотографы» атағы үшін өзара сынға түседі.

Сонымен қатар, студенттер мен әуесқой фотографтар кәсіби емес, яғни  «Жыл жаңалығы» аталымына қатысады. Жеңімпазға «Люси» мүсіншесі  мен 5000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі.

Айта кетейік, байқау жеңімпаздарының іріктелген  суреттері «Lucie Awards» апталығының Нью-Йоркте өтетін көрмесіне қойылады.

 

ijnet.org

Хабарламаларға жазылу