Нью-Йорк университеті халықаралық шәкіртақы бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорк университеті халықаралық шәкіртақы бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдайды

02.01.2015
Нью-Йорк университеті халықаралық шәкіртақы бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдайды

Нью-Йорк университетіндегі  Артур Л. Картер атындағы журналистика институты «World Journalist Fellowship» халықаралық шәкіртақы бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдайды. Байқауға екі жыл жұмыс өтілі бар, ағылшын және тағы бір тілді қоса меңгерген журналистер қатыса алады.

Жоба бойынша шетелдік журналистерге магистрлік бағдарламамен екі семестрлік  оқу ақысы төленеді. Сондай-ақ, 13 000 АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы тағайындалады.

Стипендиаттар 10 мамандықтың біреуін таңдай алады. Олар: бизнес пен экономика, мәдениет пен  сын, халықаралық және бірлескен зерттеулер бағдарламалары, әдеби репортаж, журналға арналған мақала жазу, жаңалықтар мен деректі фильмдер әзірлеу, Нью-Йоркке байланысты тақырыптарды жазу, ұлттық тақырыптарды жазу, ғылыми тақырыптарды, денсаулық сақтау және экологияны жазу, студия 20.

Кандидаттар өз таңдауымен аспиранттық бағдарлама бойынша өтініш беру керек. Өтініштер 2015 жылдың 4-қаңтарына дейін қабылданады.

Айта кетейік, Нью-Йорк универсиететіне түсу үшін GRE және TOEFL тест нәтижелері қажет.

ijnet.org

Хабарламаларға жазылу