Неміс бала бақшасының тәрбиеленушілері Наурыз мейрамын атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Неміс бала бақшасының тәрбиеленушілері Наурыз мейрамын атап өтті

24.03.2015
Неміс бала бақшасының тәрбиеленушілері Наурыз мейрамын атап өтті

Астанада «№46 Неміс балалар бақшасы мектеп-гимназиясы» кешенінің тәрбиеленушілері Наурыз мейрамын атап өтті.

Бүлдіршіндер тәрбиешілерімен бірге көшпенділер тарихынан сыр шертетін театрландырылған көріністі сахналады. Ал, «Көктем ару және Наурыз» ертегі-спектаклінде балалар елге,  елдің дәстүріне деген құрметін танытты.

Шара барысында Қазақ еліндегі түрлі этностардың салты, дәстүрі, ұлттық тағамдары бойынша ақпарат беретін сайыс ұйымдастырылды.

Балалар ата-аналарымен бірге түрлі сайыстарға белсенді қатысып, ұлтымыздың салт-дәстүрі, ұлттық ойындар, наурыз көженің тарихы, жасалу жолдарымен танысты.

Сондай-ақ, домбыра тартылып, ән айтылды, би биленді.

Фото: Елена Иванова

Хабарламаларға жазылу