Студенттер Наурыз мейрамын тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттер Наурыз мейрамын тойлады

19.03.2014
Студенттер Наурыз мейрамын тойлады
Еуразия Ұлттық университетінің студенттері бүгін Наурыз мейрамын атап өтті. Мерекелік шарада халқымыздың салт-дәстүрін жаңғырту мақсатында арнайы Наурыз көже дайындалды.
 
Дастарханға ұлттық тағамдармен қатар сусындар қойылды. Дастарханнан ауыз тиген қариялар жастарға батасын берді.
 
Ақсақалды аталар мен ақжаулықты әжелер тәлімгелерге өмірден түйген әңгімелерін айтып берді. Өнерлі студенттер ән-жырдан шашу шашты.
 
Әйгерім Жүнісова, студент:
Ұлттық дәстүрді келесі ұрпаққа жеткізу - парыз. Осындай дәстүрді бастап, бізге үлгі-өнеге көрсетіп жатқан ағаларымыздың игі ісін жалғастыру - бізге міндет.
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу