Жаңаөзендегі Наурыз мейрамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзендегі Наурыз мейрамы

22.03.2017

Әз-Наурыз мейрамын Маңғыстау өңіріндегі мұнайшылар қаласы да  бар сән-салтанатымен атап өтті. Терең мағына, ізгілікке толы ұлық мерекеде қазақтың салт-дәстүрінен көріністер көрсетіліп, ән мен жырдан шашу шашылды.

Күн мен түн теңеліп, ызғарды жылу, қысты көктем алмастыратын, береке мен бірлікті нығайтатын ынтымақ пен мейірімділіктің мейрамын жаңаөзендіктер де көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті.

Жергілікті жұртшылық сыйластық пен ауызбіршіліктің өнегесін көрсетті. Қойнауы құтқа толған қала тұрғындары үшін басты байлық - татулық пен ізгілік, салт-дәстүр сабақтастығы.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу