Әзірбайжан елшілігі Наурыз мейрамын атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжан елшілігі Наурыз мейрамын атап өтті

18.03.2016
Әзірбайжан елшілігі Наурыз мейрамын атап өтті
Салтанатты шараға дипломатиялық корпус өкілдері мен Ассамблея мүшелері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Қазақстандағы Әзірбайжан елшілігі мен әзірбайжан диаспорасы түркі халықтарының төл мерекесі – Наурыз мейрамын атап өтті.

Жиналғандар әзірбайжан халықының ұлттық тағамынан дәм татып, концерттік бағдарламаны тамашалады. Айта кету керек, Әзірбайжан мен Қазақстанның қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Екі ел арасында барлық саладағы әріптестікті реттейтін 100-ден астам құжат бекіген.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу