Ұлттық арнада – Айгүл Үлкенбаеваның концерті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – Айгүл Үлкенбаеваның концерті

24.03.2015
Ұлттық арнада – Айгүл Үлкенбаеваның концерті

Қазақ күйшiлерiнiң арасында Дина Нүрпейiсова, Бақыт Қарабалина апаларының сара жолын жалғастырып, өнер өлкесiнде «екiншi Дина» атанған қазақтың дарынды қызы, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ай­гүл Үлкенбаеваның бойына күй құдiретi әкесiнен дарыған.

Айгүлдің ерекше қасиетi бар, ол өз қоржынындағы әрбiр күйдiң түп тарихын, соған қатысты аңыз-әңгiменi өте жетiк бiледi.

Қос ішектен төгіліп, көңіл қылын шертетін тәтті күй кешін бүгін 18.10-да Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу