Ұлттық арнада – Төреғали Төреәлінің концерті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – Төреғали Төреәлінің концерті

27.03.2016
Ұлттық арнада – Төреғали Төреәлінің концерті

Халыққа әуелде айтыспен танылған Төреғали Төреәлі  соңғы уақыттарда эстрадаға бет бұрған. Әншінің біраз әні тыңдарман жүрегіне жол тауып жүр.

Әнші 1992 жылы 14 қазанда Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжін актер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Бірнеше студенттер айтысының жеңімпазы, республикалық айтыстардың жүлдегері. Әншінің жуырда өткен  «Ұлы дала баласы» атты шығармашылық кешінің телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де тамашалаңыздар.

Хабарламаларға жазылу