Ұлттық арнада - «Шын жүректен» концерті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада - «Шын жүректен» концерті

11.05.2015
Ұлттық арнада - «Шын жүректен» концерті

Жуырда Жеңістің 70 жылдығына орай «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ»  ұйымдастырған «Шын жүректен» атты концерт өткен болатын.

Кеште Қазақстанның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жүргізушілері, отандық танымал орындаушылар – Ерлан Рысқали, Құрмаш Маханов, Дәурен Сейітжан,  Бақыт Шадаева, Мөлдір Әуелбекова, Ерлан Көкеев, Әлішер Кәрімов, Әйгерім Қалаубаева, Досымжан Таңатаров, Рүстем Нұржігітов және т.б. өнер көрсетті.

Қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрінің қатысуымен өткен концерттің негізгі мақсаты – соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, қан майданда ерлік көрсеткен аптал азаматтарымыздың есімін ұлықтау. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.

Концертті бүгін Ұлттық арнадан сағат  17:50-де  көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу