Ұлттық арнада - «Бақыттымын өзіңмен...» концерті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада - «Бақыттымын өзіңмен...» концерті

03.04.2016
Ұлттық арнада - «Бақыттымын өзіңмен...» концерті

Елімізде қазақ мәдениетін дамытуға  өлшеусіз үлес қосуды мақсат тұтқан жұлдызды жұптар бар. Солардің бірі қазақ эстрадасында ойып тұрып орын алған өнерпаз жұп - Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина. 

Қол ұстасқан жұптың «Айналайын», «Бағым сен», «Ханзада», «Аяулым» сияқты бірнеше танымал әні де тыңдармандардың жүрегін жаулап, өшпес мұраға айналды.

Айта кету керек, әншілікпен қатар, Қыдырәлі Болманов «Бал-бала» маркасымен қазақ тілінде ән айтып, би билейтін қазақи болмысты ойыншықтар шығарумен айналысады.

Бүгін 21:00-де Ұлттық арнадан Қыдырәлі Болмановтың продюсерлік орталығы ұсынған «Бақыттымын өзіңмен...»  атты шығармашылық концертті тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу