Мейір Бәйнешев: «Біржан-Сара» - қазақ операсының ең биік шыңы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейір Бәйнешев: «Біржан-Сара» - қазақ операсының ең биік шыңы

24.03.2015
Мейір Бәйнешев: «Біржан-Сара» - қазақ операсының ең биік шыңы

Ұлық мейрамға орай «Астана Опера» театры көпшілік назарына 70 жылдан бері сахнадан түспей келе жатқан «Біржан-Сара» операсын ұсынды.

«Біржан-Сара» - қазақ операсының ең биік шыңы. Бұл – Италия мамандары мойындаған опера. Тіпті, өз елдерінде қоюға да ұсыныс білдірді.  Тенор дауысты әншілерге Біржанды сомдау – күрделі партиялардың бірі. Мықты дайындықты, еңбекті талап етеді»,-дейді Мейір Бәйнешев.

Операда Алтынайды сомдаған Бибігүл Жанұзақ: «Алтынай Біржанға деген махаббаты үшін күреседі. Ол – Жанбота болыстың қызы. Дәулетті отбасынан шыққан бойжеткен барлық арман-тілегінің орындалатынына үйреніп қалған.

Біржанға ғашық болып жүрген кезде, аяқ астынан Сара келеді. Сол себепті, ол өз махаббаты үшін барын салады. Режиссер бұл қойылымда Алытнайдың рөлін өте ерекше, жарқын түрде бейнелеген»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу