Елбасы Бурабайда «Біржан-Сара» операсының ашық аспан астында өткен қойылымын тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Бурабайда «Біржан-Сара» операсының ашық аспан астында өткен қойылымын тамашалады

15.07.2018

Мемлекет басшысы Бурабайда «Біржан-Сара» операсының ашық аспан астында өткен қойылымын тамашалады. Композитор Мұқан Төлебаевтың төл туындысы – отандық опера өнерінің биік шыңы, қазақ руханиятының інжу-маржаны. Қойылымның ашық аспан астында дәл Көкше баурайында сахналануы тегіннен тегін емес.

Жерұйық саналатын бұл мекен –  кеудесінен сөз төгілген, көмейіне бұлбұл қонған  әрі әнші, әрі ақын, сал Біржанның кіндік қаны тамған жер. Сұлу табиғатымен көпті тамсандыратын Бурабайдағы «Біржан-Сара» операсын тілшіміз Жазира Досмағанбет те тамашалап келді.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу