Елімізде Абай Құнанбайұлы атындағы 100-ге жуық мектеп бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Абай Құнанбайұлы атындағы 100-ге жуық мектеп бар

10.08.2023

Елімізде хәкім Абай Құнанбаев атындағы 100-ге жуық мектеп бар. Сонымен қатар, ақынның 30-дан астам мүсіні мен ескерткіші орнатылған. Бір облыс, үш аудан, бір қала, бірқатар ауыл округтері хакімнің есімімен аталады. Мың жарымға жуық көшеге ұлы ақынның аты берілген. Абай – қазақ поэзиясының биік шыңы, ұлттық руханияттың бір бөлігі.

Тұтас бір дәуірдің кемеңгері, қазақтың бас ақынына деген құрмет өзге мемлекеттерде де ерекше. Әзірбайжан астанасы Бакуде, одан бөлек Нью-Дели, Париж, Бейжің, Ренн, Сеул, Тегеран және өзге де қалаларда Абайдың мүсіні мен ескерткіші бар.  


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу