Непалдық альпинист Эверест шыңына 28 рет шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалдық альпинист Эверест шыңына 28 рет шықты

26.05.2023

Непалдық альпинист әлемнің ең биік шыңы Эверестке 28 рет көтеріліп, дүниежүзілік рекордты жаңартты. 53 жастағы Ками Рита мұнымен тоқтап қалмай, келесі жылы жетістігін тағы қайталаудан үмітті. Альпинист Эвересті бағындыруды 1994 жылы бастаған. Содан бері ол 2014, 2015, 2020 жылдары ғана үкіметтің тыйымына байланысты бұл таудың ұшар басына шыға алмаған екен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу