Бренда Барнерс: Мәдениеті мен дәстүрі бай Қазақ еліне тұңғыш рет келдік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бренда Барнерс: Мәдениеті мен дәстүрі бай Қазақ еліне тұңғыш рет келдік

21.03.2015
Бренда Барнерс: Мәдениеті мен дәстүрі бай Қазақ еліне тұңғыш рет келдік

Алматыға Лос-Анджелестегі АҚШ-тың «Classical KUSC» ірі классикалық музыка радиостанциясының мамандары Бренда Барнерс пен Кристофер Мендездің келетінін бұған дейін хабарлаған едік.

Кездесу аясында «Classic» радиосының музыкалық редакторлары, журналистері, дыбыс режиссерлері және менеджмент мамандарымен шеберлік сыныптарын өткізу  жоспарланған.

«Classical KUSC» президенті Бренда Барнерс бұл сапарға дайындық барысында қобалжығанын айтады. «Біз мәдениеті мен дәстүрі бай Қазақ еліне тұңғыш рет келдік. Алда Наурыз мейрамы. Осы ұлық мерекенің куәсі болатынымызға қуаныштымыз»,-дейді.

Шеберлік сыныптары 23-27 наурыз аралығында Алматыдағы «Қазақстан» РТРК»-да және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында өтеді.

Онда мамандар америкалық радиотарату тарихы мен ерекшеліктері, қоғамдық және коммерциялық радиолар, радио және мультимедиялық платформалар, Social Media Marketing, радиотаратудың экономикалық негіздеріне тоқталмақ.

Сондай-ақ, тікелей эфирде жұмыс істеу, шоу-бағдарламалар, радиодағы кері байланыс, маркетингтік зерттеулер, радиоаудиторияны зерттеудегі әдістер, радиодағы заманауи  классикалық музыканың рөлі, жарнама тақырыптары да кеңінен талқыланбақ.

Хабарламаларға жазылу