Елордада осындай атаумен этнофестиваль басталды. Бұл заманауи этникалық музыка жанрындағы ауқымды жоба. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі қарсаңында ұйымдастырылған шара «Бәйтерек» монументінің қасында өтіп жатыр. Шараның басты қонақтары – діндер съезіне 50 елден арнайы келетін делегаттар. Оларға Қазақ елінің бай мәдениеті, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі көрсетіледі. Этно-фольклорлық және дәстүрлі әншілер 5 күн бойы осында өз өнерін паш етеді. Этноауыл төрт ірі секторға бөлінген. 8 қанатты киіз үй тігіліп, алтыбақандар орнатылған. Сондай-ақ отандық қолөнер шеберелерінің көрмесі де ұйымдастырылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ұлы дала сазы» этнофестивалі бес күнге жалғасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/163494/)