Қазақ еліне алғаш келген Айшолпанның әсері қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ еліне алғаш келген Айшолпанның әсері қалай?

23.09.2018

Мұқым қазақтың мақтанышы, Бай-Өлкеде тұратын бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы алғаш рет атажұртқа, Астанаға келді. Бір қызығы, әлемнің әр түкпірін шарлағанмен Айшолпанның бұл қазақ топырағына тұңғыш мәрте табан тигізуі. 13 жасында аты алты қырдан асып, алты құрлыққа таралып, көшпенді өмірдің символына айналған қаршадай қазақ қызының мысалы шын мәнінде көпке үлгі.

Үнемі жақсы бастамалардың жаршысы болып жүретін «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының демеушілігімен, «Qazaqstan» ұлттық арнасының ақпараттық қолдауымен осы апта атақты бүркітші Қазақстанға келді. Тіпті, «Білім инновация» қоры» Айшолпан Нұрғайыпқызына құны 20 мың долларлық грант ұсынып, Астанада білім алуға шақырды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу