Қазақтан шыққан тұңғыш генерал әйел (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтан шыққан тұңғыш генерал әйел (ВИДЕО)

06.03.2014
Қазақтан шыққан тұңғыш генерал әйел (ВИДЕО)
Елдегі тұрақтылық пен тәртіп, әділеттілік тұғырының берік болуы әскери қызметкерлерге тікелей байланысты. Осы саладағы абыройлы борышты мінсіз атқарып келе жатқандардың бірі – Сәуле Айтпаева. Ол ел тарихында тұңғыш рет генерал шеніне қол жеткізген қазақ әйелі.
 
Қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы генерал маңдай термен келген атақтың жауапкершілігі зор, мерейлі мәртебе екенін айтады.
 
Қажымас қайрат, жігерлі рух, нәзіктік пен батылдықтың үндесуі бұл – нағыз қазақ әйелінің бүгінгі бейнесі.
 
«Қандай мамандық иесі болмасын, адам өз саласының еліне, Отанына қандай пайдасы тиітінін ойлауы керек»,-дейді генерал-майор.

Хабарламаларға жазылу