Әкім Ысқақ: 13 желтоқсан тұңғыш қазақ тіліндегі құжатқа қол қойылған күн (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкім Ысқақ: 13 желтоқсан тұңғыш қазақ тіліндегі құжатқа қол қойылған күн (ВИДЕО)

13.12.2017

1997 жылдың 13 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ тілінде ҚР Халықтың көші-қон туралы заңы қабылданды. Осыған орай қоғам қайраткері, ақын, композитор Әкім Ысқақ және экономика ғылымдарының кандидаты Қайрат Бодаухан бүгін «Таңшолпан» төрінде қонақта болды.

«Жалпы, 13 саны қазақ үшін қасиетті сан. Сонау Алматыдан Астанаға көшіп, Елбасының тұңғыш рет қазақ тіліндегі заңға қол қойғаны қаншама ағайынның жүрегін жібітті. Тәуелсіздік күні қарсаңында бұл үлкен мереке. Ал, заңның ерекшелігіне келер болсақ, әрине алдымен, қазақ тілінде жазылғандығы, қазақ тілінде талқыға салынуы және ең бастысы, қазақ тілінде де заң жазуға болатынына жол ашылды», дейді Әкім Ысқақ.

Шетелдегі қандастардың Қазақ еліне оралуына қатысты пікір  білдірген ол:

«Бұрын атамекенге оралғысы келген қандастарымыздың алдында кедергі көп болды. Қазір кедергі жоқ. Құқықтық негіз толығымен жасалды. Кезінде қазақ ағайындар Моңғолиядан көшкен кезде, сол жақтың моңғолдары айтқан екен: «Қандай бақыттысыңдар қазақтар, іздейтін елдерің бар», деп. Алла сол бақыттан айырмасын»,-дейді.

Хабар барысында көрерменге жылы лебіз білдірген қоғам қайраткері:

«Үйдің сәні – ата-ана мен бала, көңілдің сәні – бір ауыз сөз бен ықылас, ал, Отанның сәні – сол ұлттың тілеулес адамдарының болуы. Сондықтан, Отанды сүю маңызды. Отан-Анамыздың тәуелсіздік күні құтты болсын»,-дейді.

Сұхбаттың  толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз!

Хабарламаларға жазылу