Шымкентте Астана циркінің түйесі боталап, пониі құлындады
Бейне қолжетімді емес
Шымкентте гастрольде жүрген Астана цирк ұжымының түйесі боталап, пониі құлындады, деп хабарлайды otyrar.kz.
Мамандар түйе мен ботаның жағдайы қалыпты дейді. Алғашында түйенің жүктілігіне күмәнмен қараған олар ботаның оңтүстікте дүниеге келгенін жақсылыққа балауда.
«Біз түйенің боталауынан үмітімізді үзген болатынбыз. «Жалған жүктілік болған ғой» деп жүрдік. Оңтүстіктің топырағына келіп, түйеміз 13 наурыз күні түнгі сағат 00:00 шамасында боталады. Ботаның атын Сәуле деп қойдық», - дейді Астана циркінің әртісі Әйгерім Тілегенова.
Кеше ғана төлдеген жануарлар бағдарламаға сәйкес өнер көрсетуде.
Айта кетейік, «Оңтүстік циркте» басталған «Таңғажайып керуен» қойылымы 29 наурызға дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58