Астанада шахматтан Динара Сәдуақасова атындағы турнир аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада шахматтан Динара Сәдуақасова атындағы турнир аяқталды

20.03.2015
Астанада шахматтан Динара Сәдуақасова атындағы турнир аяқталды

Биыл жарысқа Еуразия Ұлттық университетінен басқа, Қазақ технология және бизнес университеті, Астана медициналық университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенттері өзара шеберлік байқасты.

Ерлер арасында бірінші орынды Б. Агманов иеленді. Екінші орын Р. Алпысбаевқа, үшінші орын Б. Абдрахмановқа бұйырды. Жүлдегер атанған шахматшылардың барлығы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ атынан қатысты.

Ал, қыздар арасында бірінші орынды Г. Есенбаева (ЕҰУ),  2, 3-ші орындарды С. Жаненова және А. Канапианова (АМУ) иеленді. Жүлдегерлер кубок, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Динара Сәдуақасова – Әлемнің үш дүркін чемпионы, Әлем және Азияның үш дүркін вице-чемпионы, ҚР бірнеше дүркін және абсолюттік чемпионы, гроссмейстер, Ұлттық құраманың мүшесі, Бүкіләлемдік 4 шахмат Олимпиадаларының қатысушысы, халықаралық турнирлердің жүлдегері.

ЖОО-ның студенттері мен оқытушыларының бастамасымен ашылған «Динара Сәдуақасованың шахмат клубы» 2011 жылдан бастап жұмыс істейді.

Хабарламаларға жазылу