Нұр-Сұлтанда гроссмейстер Динара Сәдуақасова атындағы шахмат турнирі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда гроссмейстер Динара Сәдуақасова атындағы шахмат турнирі басталды

03.04.2019

Нұр-Сұлтанда студенттер арасында бірнеше дүркін әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Динара Сәдуақасова атындағы шахмат турнирі басталды. Оған барлық өңірден 110 шахматшы студент қатысып жатыр.

Дәстүрлі турнир 6 жылдан бері өткізіліп келеді.  Биылғы сайыс, жастар жылына орайластырылған. Турнир жеке командалық есепте FIDE көрсеткішімен есептеледі. Жарыстың жүлде қоры 1,5 миллион теңге. Жеңіске жеткен топқа чемпион Динара Сәдуақасованың кубогы табысталады. Жарыс жеңімпаздары 4-ші сәуірде анықталады. 

Динара Сәдуақасова, шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер:

Дәстүрлі турнирге барлық жоғары оқу орындарынан 100-ден астам шахматшы қатысып отырғаны қуантады. Осындай сайыстардың арқасында  шахмат ойынының жастар арасында танымалдылығы артады деп ойлаймын. Қазірдің өзінде шахмат сексиялары, клубтар, мектептер ашылып жатыр. Кәсби шахматшы ретінде бұл үрдіс маған әрине ұнайды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу