Павлодардағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Қытайдағы Нанкин университетінің білім грантына ие болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Биыл ТМД елдеріндегі түлектер арасында 100 грантқа байқау жарияланды. Мен де өз мүмкіндігімді жіберіп алмай, құжаттарымды тапсырдым. Нәтижесінде барлық шарттардан өтіп, сертификатқа ие болдым», - дейді Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Әсет Мутушев.
Экономика және қаржы факультетіне өткен Әсет болашақта логист болғысы келеді.
Айта кетейік, Нанкин университеті - Қытайдағы ең үздік 5 университеттің құрамында. Бағдарламаға сәйкес, студенттер халықаралық кампусте тұратын болады. Мұнда алғашқы оқу жылы қытай тілін үйретсе, одан кейін әрбір студент тілдік білімі бойынша HSK емтиханынан өтіп, өз мамандығы бойынша 4 жылдық оқуын жалғастырады.
Тілдік емтиханынан өткен студент мамандығын ауыстыру құқығына ие.