Қанат Исламның қарсыласы өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Исламның қарсыласы өзгерді

05.11.2015
Қанат Исламның қарсыласы өзгерді

Қанат Исламның жаңа қарсыласы Доминикан Республикасының боксшысы –Джонатан Батиста. 31-жасар Батиста 22 кездесу өткізіп, 15 жекпе-жегінде жеңіске жеткен (8 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған). Ал, 7 кездесуінде жеңілген.

7 қарашада АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында өтетін жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Қанат Ислам бұған дейін 34-жасар мексикалық боксшы Алексис Камачомен жұдырықтасу керек еді. Белгісіз себептермен бұл жекпе-жек өтпейтін болған. Дегенмен, Алексис Камачода бұл жекпе-жек аясында америкалық Эриксон Лубинмен (12-0-0) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Хабарламаларға жазылу