Мәскеуді қалың қар басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуді қалың қар басты

08.12.2021

Мәскеу қар құсауында қалды. Көлік қатынасы айтарлықтай қиындап отыр. Жергілікті метеорологтардың дерегінше, Ресей астанасында дәл мұндай жағдай соңғы рет 1949 жылы желтоқсанда тіркелген екен.

Қазір алып мегаполистің көшелерін тазартуға 70 мыңдай жұмысшы мен 10 мыңға тарта арнайы техника тартылып отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Мәскеуде бүгін де қар жауады деген болжам бар. Дегенмен ауа температурасы алдағы уақытта қайта көтеріліп, ақ ұлпа тез еріп кетуі де мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу