Асылжан Мамытбеков: 2015 жылы субсидиялар көлемі 177,3 млрд теңгені құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асылжан Мамытбеков: 2015 жылы субсидиялар көлемі 177,3 млрд теңгені құрады

06.03.2015
Асылжан Мамытбеков: 2015 жылы субсидиялар көлемі 177,3 млрд теңгені құрады

2015 жылы ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қолдау аясында бөлiнген субсидиялар көлемі 177,3 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингiнде ҚР Ауыл шаруашылық министрi Асылжан Мамытбеков мәлiм еттi.  

«Өздеріңіз білесіздер, 2013 жылдан бері «Агробизнес-2020» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты - мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамытудың қаржылық және қаржылық емес кешенді шараларын қолға алу. Осы бағдарлама аясында екі жылдың ішінде мемлекеттік қолдау іс-шараларының көлемі екі есеге артты», - деген министр нақты мәлiметтер келтіре кетті. «Нақты цифрлармен айтатын болсақ, егер 2013 жылы субсидиялардың көлемі 87,2 млрд теңгені құраған болса, 2015 жылы субсидиялар көлемі 177,3 млрд теңгені құрады», - деп атап өттi ол.

Хабарламаларға жазылу