Ауыл шаруашылығы министрлігі 2015 жылғы жұмыстарын қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2015 жылғы жұмыстарын қорытындылады

19.02.2016
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2015 жылғы жұмыстарын қорытындылады

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 4,4 пайызға артып, 2,7 трлн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемін 5,6 пайызға, мал шаруашылығы өнімін 3,2 пайызға арттырудың есебінен қамтамасыз етілді.

Тағам өнеркәсібі саласындағы негізгі капиталға деген инвестициялардың көлемі 28 пайызға артып, 55,9 млрд теңгені құрады. Бұл ретте ауыл шаруашылығының негізгі капиталына деген инвестиция 6,3 пайызға кеміп, 167,1 млрд теңгені құрағандығын айта кету керек.

Сондай-ақ баспасөз мәліметтерінде республиканың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ыңғайлы жағдайлар қалыптастыру мақсатында бірқатар заңнамалық актілердің қабылданғандығы да айтылған.  

Хабарламаларға жазылу