Қазақстандықтар қыркүйекте 1,2 трлн теңгеге сауда жасаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар қыркүйекте 1,2 трлн теңгеге сауда жасаған

26.10.2020
Қазақстандықтар қыркүйекте 1,2 трлн теңгеге сауда жасаған

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, осы жылдың қыркүйек айында Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 1 трлн 205,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға жоғары.

Ал 9 айдағы елдегі бөлшек сауданың көлемі 8 трлн 014,8 млрд теңгеге жетті. Соңғы 8 жылда үш тоқсандағы сауда көлемі бір рет қана өcкен болатын: 2019 жылы биылмен салыстырғанда 40 миллиард теңгеге көп болды. Осылайша 2020 жылы бөлшек сауда сатылымы былтырғы деңгейден 6,8%-ға төмен.

Республиканың төрт аймағында қыркүйектегі транзакциялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 20%-дан астам өсті. Қызылорда облысында бөлшек сауда көлемі 122,8%-ға, Маңғыстау облысында 121,6%-ға, Алматыда 121,5%-ға, Шымкентте 126,6%-ға жеткен.

Өткен айда Алматы облысында сауда көлемі былтырғы деңгейдің 93,8%-ын ғана құрады. Бір жыл бұрынғыға қарағанда нашар көрсеткіш Ақмола облысында да тіркелді - 94%. Ал басқа аймақтарда қазақстандықтар тауар мен қызметтерді сатып алуға өткен жылмен салыстырғанда көбірек ақша жұмсаған.

Ең жоғары өсім Алматыда тіркелді. Қыркүйекте оңтүстік астанада 385 млрд теңгеге тауар мен қызметтер сатылған. Ол республикалық көрсеткіштің 32 пайызын құрайды. Ал Нұр-Сұлттанның көрсеткіші 3 есе төмен: бір ай ішінде мұндағы транзакциялар көлемі 128,4 миллиард теңгені құрады.

2020 жылдың қыркүйек айының соңында бөлшек саудадағы ірі бизнестің үлесі 19%-ды, шағын кәсіпкерліктің үлесі 73,5%-ды құрады.

Дереккөз: inbusiness.kz

тауар бөлшек сауда статистика

Хабарламаларға жазылу