«G-GLOBAL» жобасына 170 мемлекеттің өкілдері қызығушылық танытуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«G-GLOBAL» жобасына 170 мемлекеттің өкілдері қызығушылық танытуда

07.04.2015
«G-GLOBAL» жобасына 170 мемлекеттің өкілдері қызығушылық танытуда

Үш жыл бойы интернет-кеңістікте жүзеге асырылып жатқан «G-GLOBAL» жобасына 170 мемлекеттің миллионнан астам өкілі қызығушылық білдіріп отыр.

Бұл туралы бүгін Сенат депутаты, «G-GLOBAL» Халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков айтты.

Оның мәліметіне сәйкес, «G-GLOBAL» еліміздің негізгі жобаларын ілгерілетуге септігін тигізіп отыр.

Бүгінгі күні 150 онлайн-бейнеконференция өткізіліп, 8 мыңнан астам баяндама орналастырылған. Жоба қысқа мерзімде халықаралық қауымдастықтың қолдауына ие болып отыр.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу