«G-Global» мен «Harmony» келісімшартқа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«G-Global» мен «Harmony» келісімшартқа қол қойды

05.12.2019

Қазақстандағы мәдениет, өнер мен спорт салаларына шетелдерден келетін инвестиция көлемі ұлғаяды. Осы мақсатта «G-Global» ұйымы мен «Harmony» халықаралық қоры келісімшартқа қол қойды. Тараптар алдағы уақытта «Бір белдеу, бір жол» форумында келісілген жоспарларды дамытуды қолға алмақ. Келер жылы Халықаралық мәдениет конгрессін өткізуді де жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Қазақстан осы меморандум арқылы экономикалық тұрақты дамуды ілгерілетіп, үкіметтік емес ұйымдар байланысын бекіте түспек. Айта кетейік, «G-Global» халықаралық жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылды. Бағдаралама аймақтық және жаһандық қауіпсіздік, адами капиталды дамыту мәселелерімен айналысады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу