Шетелдіктер «G-Global» жобасын қолдайды
Қазіргі замандағы қауіп-қатермен жекелеген топтар емес, бүкіл әлем болып күресуі керек. Сондықтан, ғаламның қаржы-экономикалық архитектурасын нығайтып, одан ары дамудың жолдарын қарастыратын «G-Global» жобасының маңызы өте зор.
Бұл - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған бастамасын Мәскеу қаласында талқылаған шетелдік дипломаттар мен белгілі экономистердің пікірі. Жиын барысында «G-Global» жобасымен қатар, алдағы мамыр айында Астана экономикалық форумының алаңында өтетін жаһандық дағдарысқа қарсы конференцияның да таныстырылымы өтетін болады.
Отырысқа қатысқан мәртебелі меймандар, қазақ басшысы ұсынған бастамалар мен Астана экономикалық форумының жыл өткен сайын маңызы артып келе жатқанын атап өтті.
Себебі, шетелдің маңдайалды тұлғалары жиналатын бұл басқосуда, бүкіл әлем елдерінің дамуы мен дағдарыстан шығудың тың жолдары айтылады.
Ламинь Диенг, Инвестиция жөніндегі қазақстандық-африкалық кеңестің президенті:
Астана экономикалық форумы қысқа мерзімнің ішінде жаңа деңгейге көтерілді. Себебі, бұл жиынға әлемнің ең мықты экономистері мен саясаткерлері қатысады. Қазір халықаралық қауымдастықты жаһандық дағдарыстан шығу жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «G-Global» жобасы қатты қызықтырып отыр. Меніңше, биыл өтетін Астанадағы форумда осы мәселе жан-жақты талқыланып, тығырықтан шығудың жолдары айтылатын болады.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар талқылауда
11.02.2026, 21:34
Қыс әлегі: Жамбыл облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды
11.02.2026, 20:18
Әлем жаңалықтарына шолу
11.02.2026, 20:17
Ипотека нарығына өзгеріс енгізіледі
11.02.2026, 20:16
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына 36,8 млрд теңге бөлінді
11.02.2026, 20:15
Қысқы Олимпиада ойындарының 5-күні
11.02.2026, 20:12
Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін
11.02.2026, 20:12
Әскерден келгендер университетте тегін білім алып жүр
11.02.2026, 20:11