Мәдина Сәдуақасова он үш жасында «Әнші балапан» байқауына қатысады. Ал, әншінің алғашқы әрі ірі байқауы ол «Музыкальный вояж» телевизиялық жарысы болды. Осыдан кейін Мәдина көптеген байқауда гран-при иеленіп, жүлдегер атанады.
1999 жылы Мәдина «Жас Қанат» байқауында ән шырқайды. Сол сәтте жас әншінің ерекше дауысына тәнті болған Роза Рымбаева қамқорлығына алады, ақ жол, сәт сапар тілейді.
Соңынан Роза мен Мәдинаның дуэт болып шырқаған «Мақсат-бақыт бастауы» атты әндері жарық көрді.
Сезімге толы әндерімен халық жүрегінен орын алған әнші бүгін 23.30-да «Түнгі студияда» қонақта. Бұл жолы әнші Мәдинаны емес, келін Мәдинаның өнерін көресіздер.