«Таңшолпанда» - Мәдина Сәдуақасова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Мәдина Сәдуақасова

01.12.2015
«Таңшолпанда» - Мәдина Сәдуақасова

Әр уақытта түрлі шараға қатысып, белсенділік танытып жүретін әнші: «Бастысы, адам өзіне мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін еңбектену қажет. Әрі әркім өз-өзіне талапшыл болғаны жақсы»,-дейді.

«Сұлулықтың ең басты құпиясы – махаббат екен. Махаббатқа ие болған адам ажарлы, көркем болып шыға келеді. Оны өзімнен де байқауға болатын шығар. Себебі, осыдан жиырма жыл бұрынғы Мәдинадан гөрі қазіргі Мәдина сұлу деп білемін»,-дейді әнші.

Ұлттық арнадан көрсетіліп жатқан «Қазақстан дауысы» жобасына тоқталған әнші: «Жобада тәлімгер болу оңай емес. Өйткені, мыңдаған өнерлі жанның арасынан небәрі 10-ақ үміткер таңдайсың. Талай уақыт бірге дайындалып, бауыр басып қаласың, ал ол үміткер жобадан шығып кетсе, көңілің босайды. Кейде дайындық кезінде ашылмай жүрген үміткерлер, сахнаға шыққан бетте, соңғы рет айтып жатқандай орындайды. Әні өне бойыңды шымырлатады. Бұл кезде де көңілің босайды»,-дейді.

«Осымен жобаның үшінші маусымы өткізіп келеміз. Бір қуантарлығы – талантты жастар өте көп».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу