Мәдина Сәдуақасова: Астананың туған күнін өнер адамдары сахнада халықпен, көрерменмен бірге атап өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдина Сәдуақасова: Астананың туған күнін өнер адамдары сахнада халықпен, көрерменмен бірге атап өтеді

06.07.2015
Мәдина Сәдуақасова: Астананың туған күнін өнер адамдары сахнада халықпен, көрерменмен бірге атап өтеді

Мәдина Сәдуақасова Елордамыздың 17 жылдық мерей тойымен Қазақ елін құттықтап, бүгінгі мерекені кең көлемде атап өтуге шақырды.

«Астананың туған күнін өнер адамдары сахнада халықпен, көрерменмен бірге атап өтеді. Бүгін Нұрғиса Тілендиев атамыздың 90 жылдық мерейтойлық шығармашылық кеші болмақ. Қызы – Дін-Зухраның жетекшілігімен бірқатар әндер орындаймын. Сонымен қатар, қаланың бірқатар жерінде концерттік бағдарламалар өтеді. Сол концерттерде өнер көрсетемін. Жалпы, бүгін елордамызда концерт өте көп», - дейді Мадина Сәдуақасова.

Сондай-ақ, Мәдина Сәдуақаосва шығармашылық жаңалықтарымен де бөлісті.

«Ең бастысы – жаңа әндерім көп. Әліде де жазызылып жатқандары бар. Тіпті, әндерім бір күйтабақтан да асып кетті. Жуырда бейнеклип түсіру ойда бар. Жаңалықтарым өте көп, оның барлығын алдағы уақытта біле жатарсыздар».

Бағдарлама барысында Мәдина Сәдуақасова өзінің жеке өмірі жайлы да тоқталып өтті. 

Хабарламаларға жазылу