«Мектеп оқушыларына білім беру мен тәрбиелеудің инновациялық технологиялары». Осындай атаумен 23 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі ҚР мектеп мұғалімдеріне арналған II республикалық қысқы мектебін өткізді.
Шараның негізгі мақсаты – педагогикалық және тәжірибелік мәселелерді айқындау, олардың рөлін инновациялық білім беру үдерісінде көрсету.
Семинар-тренинг қатысушылары ойларын ортаға салып, жаңалықтарымен бөлісті. Ұстаздарға «КазИнтерСервис» компаниясының жетекші маманы Динара Әкежанова, республикалық ғылыми-көпшілік «Гүлстан» журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаева, республикалық танымдық-ақпараттық «Мектеп мерейі» журналының бас редакторы Заря Жұманова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ұлмекен Төлешова дәріс берді.
Семинар барысында бағдарлама бойынша дәрістер оқылып, психологиялық-тренингтер ұйымдастырылды.
Айжан ТОҚШЫЛЫҚОВА