Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
Бүгін Маңғыстау облысында әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті.
Қаралы рәсімге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ұлттық Құрылтай және «Халық Кеңесінің» мүшелері, қоғам қайраткерлері мен марқұмдармен қызметтес болған азаматтар қатысты.
Қатысушылар қаза болған жауынгерлердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік әлеуметтік төлемдер, материалдық қолдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға қажетті көмек көрсетілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы