Ұлттық арнада – жаңа жексенбілік бағдарлама - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – жаңа жексенбілік бағдарлама

26.02.2015
Ұлттық арнада – жаңа жексенбілік бағдарлама

Көктемнің алғашқы жексенбісі, 1 наурыз күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын «Бүгін – жексенбі» атты жаңа ақпараттық-танымдық бағдарламаның тұсауы кесілмек.

Әлемдегі қызықтар, аптаның айтулы оқиғалары, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы телебағдарламалардың ең қызықты сәттері, спорт, мәдениет және ғаламтор әлеміндегі ең қызықты, өзекті ақпараттар мен танымал тұлғалар – бәрін бір бағдарламадан табасыз.

Сондай-ақ, бағдарлама жүргізушісі көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, шығармашылық ұжымның редакторлары ел назарын елең еткізетін бейнематериалдарды ұсынбақ.

Жексенбілік таң көңілді, пайдалы, қызықты өтсін десеңіз, сағат 9.00-де  эфирге шығатын «Бүгін – жексенбі» ақпараттық-танымдық бағдарламасын көріңіз!

Хабарламаларға жазылу