Қайрат Түнтеков «Бүгін жексенбіде» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Түнтеков «Бүгін жексенбіде» қонақта

03.04.2016
Қайрат Түнтеков «Бүгін жексенбіде» қонақта

Қазақстандағы сағат өндіретін жалғыз кәсіпкер Арман Тосқанбаев бүгін 09:30-да «Бүгін жексенбі» бағдарламасында қонақта.  17 жасынан бастап кәсіпкерлікпен айналысқан ол сағаттан бөлек, «Жаңа жасыл технологиялар» компаниясының иесі.

«Қазақстан жас кәсіпкерлер» қауымдастығының директоры.  Кәсіпкер бағдарлама барысында табыс сырымен бөліспек.

Соңғы кездері сахнадан көрінбей кеткен жас әнші Қайрат Түнтеков те жексенбілік бағдарлама студиясында қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтары жөнінде әңгіме өрбітеді.

«Темір адам» аталып кеткен 75 жастағы қарт спортшы биыл 5-ші рекордын орнатпақ. Ақсақал «Медеудегі» баспалдақпен қолымен «жүріп» көтерілуге және қашықтықта тұрып, көзімен қағазды өртеуге дайындалып жүр екен. Басқа да өнерлері жетерлік.

Осы және өзге де қызықтарға қаныққыңыз келсе, жексенбілік таңыңыз Ұлттық арнамен бірге атсын!

Хабарламаларға жазылу